CaspianLife, 27 маусым — Атырауда жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Оқиға сағат 16:00-де Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында болды.
«Toyota Hilux және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығыстып, салдарынан 1985 жылғы Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дәлелденбеген дерек бойынша, қайтыс болған 5 адамның барлығы бір үйдің адамдары.