CaspianLife, 147 маусым — Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Жайық өзенін тазарту үшін мамандандырылған коммуналдық кәсіпорын құру қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz сайты хабарлады.
Аймақ басшысы су ресурстарының ластануын болдырмау үшін өзенді батып кеткен үлкен заттардан тазарту керек екенін айтты. Сондай-ақ, облыс бойынша су деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін тереңдету жұмыстарымен айналысатын коммуналдық кәсіпорын құру қажет екенін алға тартты.
«Жайық және Қиғаш өзендеріндегі су жылдан жылға азайып келеді. Бұл — уылдырық шашу үшін қолайлы жерлерге өткізетін сағалар. Осы проблеманы шешу мерзімдерін созу Каспий теңізінің балық қорының азаюына алып келетінін ескеру қажет», — деді Шәпкенов.
Гидрологиялық режимді жақсарту және Жайық пен Қиғаш өзендерінің өсімін молайту үшін 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді, олардың ұзындығы 169 километрді құрайды. 2022-2026 жылдары жалпы алғанда 295 км-ге жалпы сомасы 21,1 млрд теңгеге қосымша жұмыс жүргізілетін болады.