CaspianLife, 9 маусым — Маңғыстаулық полицейлер «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында браконьерлерден 1 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық тәркіледі.
Шара барысында құқық бұзушылықтарды анықтау үшін табиғатты қорғау полиция қызметкерлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ және патрульдік полиция батальоны мен рота қызметкерлерінен бес топ құрылды. Нәтижесінде, 90 заң бұзушылық анықталыпты. Оның ішінде, балық аулау қағидасын бұзғаны үшін 74 тұлғаға хаттамалар толтырылды.
«Бекіре-2022» акциясы барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан 1099 келі бекіре тұқымдас және 46 келі ұсақ балық, итбалықтың майы мен терісі тәркіленді.