CaspianLife, 1 маусым — Мұнайлы ауданындағы автожол 4 айға жабылады. Бұл туралы жергілікті әкімдік хабарлады.
«1 маусым мен 30 қыркүйек аралығында жөндеу жұмыстарын байланысты Басқұдық ауылдық округіндегі Адай автобазасы мен «Амина» сауда үйіне дейінгі автожол уақытша жабылады», — делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары екі бөлікке бөлініп жасалынады:
1. Адай ауданындағы автобазадан көпірге дейін – 1 маусымнан 20 шілдеге
2. Көпірден «Амина» сауда үйіне дейін – 20 шілдеден 30 қыркүйекке дейін