CaspianLife, 25 мамыр — Биыл Маңғыстау облысында 167 385 оқушы оқу жылын аяқтады. Маңғыстау облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, 11-сыныпты 7 562 түлек бітірсе, 9-сыныпты 12 500 оқушы аяқтаған. Ал «Алтын белгіге» 183 түлек үміткер. Жауапты мамандар жыл сайын үздік оқушылар көбейіп жатқанын айтады.
«Облыстың дарынды оқушылары республикалық пәндік олимпиадада 44 жүлдеге ие болды. Осылайша, еліміздің үздік ондығы қатарында болдық. Өңірдің 7 мектебі республиканың «100 үздік мектеп» қатарына енді», — деді МО білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ал, Атырау облысынлда биыл 200 мектепте 137 747 оқушы білім алды. 5999 оқушы орта мектепті бітіріп, жаңа өмірге қадам басқалы отыр. Олардың 4789-ы ҰБТ-ге қатысуға тілек білдірген. Оқу жылында облыстың дарынды оқушылары жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Оған дәлел: 10 оқушы — халықаралық, 55 оқушы республикалық байқауларының жеңімпазы атанды. Мектеп бітірушілер қатарынан 244 «Алтын белгіге», 243 «Үздік аттестатқа» үміткер бар.