CaspianLife, 27 сәуір — Маңғыстауда ХҚКО-на қарсы 15 шағын ауданындағы жаяу жүргінші жолағында Kio Sorento көлігінің жүргізушісі 9 жасар баланы қағып кетті. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Ал дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайы ауыр дейді.
«Науқастың жабық бас сүйек-миы зақымданған, ми шайқалып, тері астында гематома пайда болды. Сондай-ақ, бірінші дәрежелі тарвматикалық шок алған», — дейді хирург Ербол Кенжевалов.