CaspianLife, 26 сәуір — Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында пара алды және қызметтік жалғандық жасады баптарымен айыпталған ауыл әкіміне, сондай-ақ пара берді және жалған құжат жасады деп айыпталған оның сыбайласына қатысты үкім шықты.
Сот ауылдық округ әкімі қызметін атқаратын шенеунік әкім аппаратына тиесілі ғимаратты сатуға жәрдемдескені және ЖШС директоры жалған мәліметтер енгізген ресми құжаттарды тіркеуші органға бергені үшін ЖШС директорынан 800 мың теңге сомасында пара алғанын анықтады.
«Сотталушылар кінәсін мойындап, жедел іздестіру іс-шараларының және тергеу әрекеттерінің нәтижелері, бейнефонографиялық сараптама қорытындысы, мемлекеттік аудитордың қорытындысы, банк құжаттары арқылы дәлелденді», — деді Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер.
Сот үкімімен бұрынғы шенеунікке 32 миллион теңге, оның сыбайласына 16 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сотталғандардың екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және сотталушылар шағымдануына болады.