CaspianLife, 15 сәуір — «Атырау Облысы Су Арнасы» КМК-на «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 9 801 600 теңге сомасына айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, Атырау қаласы мен Мақат ауданының тұрғындары үшін өтемдік тарифін енгізуге міндеттелді. Ал тұтынушыларға қайтарылуы тиіс жалпы сомма 408 млн теңге шамасында. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ресми сайтында жарияланды. Ондағы мәліметке сәйкес, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК тарифтік сметаның шығын баптарының ведомство бекіткен мөлшерлерден 5%-дан астам орындалмауына, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру секілді реттелетін қызметтер үшін амортизациялық аударымдардың мақсатсыз пайдаланылуына жол берген. Тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, сумен жабдықтау тарифтері 18%-ға, су бұру тарифтері 3%-ға жуық төмендетілді. Ал қолданысқа 2022 жылдың 1 мамыр және 2023 жылдың 30 сәуір аралығында енгізіледі.