CaspianLife, 14 сәуір — Қызылқоға ауданының тұрғындары Ойыл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қолда бар құрал-жабдықтармен жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуде. Олар қауіпті аймақтарға құм салынған қаптарды текшелеп жинап жатыр.
Миялы селосындағы осындай жұмыстарға 100-ге жуық адам мен техника жұмылдырылды. Жергілікті әкімдік өкілдері жағдаймен танысу үшін моторлы қайықпен Ойыл өзенінің арнасын көріп қайтпақшы. «Қазіргі уақытта су деңгейі әлі де көтерілуде, дегенмен жағдай бақылауда», — дейді құтқарушылар.