CaspianLife, 7 сәуір — Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Атырау облысының жаңа әкімін таныстырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов өңір басшысы болып тағайындалды.
Серік Шәпкенов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономика-математика мамандығы» бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы сол ЖОО-да оқытушы болып бастады. 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2015-2016 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспектор болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдар аралығында Атырау қаласының әкімі, кейін 2020 жылға дейін облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2020-2021 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және бүгінге дейін министрі болып келген.