CaspianLife, 15 наурыз — 16 наурыз күні президент Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялайды.
Ол Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, жақында жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтатын болады. Жолдау елорда уақытымен сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.