CaspianLife, 15 наурыз — Әлеуметтік желіде 14 наурыз күні Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде көліктің баланы басып кеткен видеосы тарады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 наурызда сағат 13:30 шамасында Маңғыстау ауылындағы «Келдаман» сауда үйіне қарама-қарсы тұста болған.
Opel Vectra көлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 6 жасар қызды қағып кеткен.
«Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», — деп хабарлады облыстық полиция.
Видео:Lada.kz