CaspianLife, 11 наурыз — Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде 1-ықшам ауданы маңындағы жағажайда шашылып жатқан өлі шаяндардың видеосын таратуда.
Айтуларынша, буынаяқтылардың өлексесі Приморский елді мекеніндегі «Сарбаздар жағажайында» да қаптап кеткен. Каспий жағалауында бұл құбылыс жыл сайын қайталанады. Балық инспекциясының мамандары жайбарақат. «Қорқатындай негіз жоқ» деп отыр.
«Қыстан әлсіреп шыққан шаяндар теңізге өз беттерінше жете алмайды. Сол себепті көктем сайын дауылдан кейін жағалауға шығып қалады. Бұл табиғи құбылыс. Кейбіреулерінің аман қалуы да мүмкін»,– дейді олар.
Маңғыстау облыстық балық инспекциясының қызметкерлері тірі шаяндардың табиғи ортасына аман-есен оралуы үшін оларға тиіспеу керектігін ескертеді.