CaspianLife, 11 наурыз — Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда қайталама тұрғын үйдің бағасы рекордтық деңгейде қымбаттаған.
Бюро мәліметтеріне сенсек, шаршы метрдің құны бірден 5,5 пайызға өскен, бұл кейінгі сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Сонымен қатар, жаңа ғимараттарда өсім шамалы — 0,4 пайыз.
Бәрінен бұрын Нұр-Сұлтандағы қайталама жылжымайтын мүлік бағасы 10 пайызға жуық өскен. Мұнда орташа шаршы метрі 590 мың теңге тұрады. Баға динамикасы бойынша Атырау мен Талдықорған да антилидер болып отыр. Алматыда пәтерлер шамамен, үш пайызға қымбаттаған.