CaspianLife, 9 наурыз — Ақтаудың 5-шағын ауданындағы дәмханаға келген қыздың ұнамсыз қылығы тұрғындардың мазасын алды.
Оқиға 8 наурызға қараған түні сағат 02:30 шамасында №2 үйдің артындағы «Папа бар» дәмханасының жанында болған.
Тұрғындар түнгі сағат 02:30 шамасында қыздың қатты айқайлаған дауысынан оянып кеткен. Айтуларынша, ол тамағы қарлыққанша айқайлаған, алайда ешқандай төбелес болмаған.
«Ол «Папа бар» дәмханасының жанында тұрған бір топ жаспен бірге болды. Ол шынымен есінен адасқан. Оған ешкім тиіскен жоқ, өзімен өзі айқайлап жүрді. Тұрғындар терезеден айқайлап, оны тыныштандыруға тырысқанымен, ешқандай реакция болмады. Сағат 02:45-те полиция келді, содан кейін ғана тынышталды», — дейді №2 үйдің тұрғыны Наталья.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты шағым түспегенін хабарлады.
Фото: Lada.kz