CaspianLife, 4 наурыз — Президент Әкімшілігінің келісімен сәйкес облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Атырау қаласының әкімі лауазымын Мейірім Қалауи атқаратын болды.
36 жастағы жаңа әкім Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған. Экономика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын 2006-2007 жылдары «Атырау-Ақпарат» мекемесінде бастаған.
2010-2011 жылдары «Тұран» ЖШС-нің директоры, «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеген.
2011-2012 жылдары «Атырау-Ақпарат» мекемісінің директоры, 2012-2016 жылдары Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болды.
2016-2019 жылдары облыс әкімі аппараты басшысының, Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Индер ауданын 2 жылға жуық басқарып, былтыр шілде айында Нұр Отан партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. Мейірім Қалауи ең алдымен қаланы көгалдандыру, инфрақұрылым мен әлеуметтік салалардағы мәселелерді шешуге жұмыстанатынын айтты.
Бау-бақша қоғамдарын тұрғын үй алқабы ретінде тану жөнінде жүйелі мәселені жүргізу керек. Әрине көп уақыт алады. Ең бірінші қаланың бас жоспарын түзету жөнінде мәселені қарау керек, одан кейін көп үйлерді ңорналасқан жерлері стандарттарға сәйкес келмейді. Соны сәйкестендіруіміз керек. Сол жұмыспен менде айналысамын. Бір жылда шешілмейді. Оны қаланың да, облыстың да бюджеті көтермеуі мүмкін. Ол жердегі тұрғындардың мұң-мұқтажын қандай қажеттіліктері бар екенін жақсы білемін. Тағы да танысып шығамын. Халықпен жүздесемін, сөйлесеміз, — деді жаңа әкім.