CaspianLife, 19 ақпан — Сабақ оқудың орнына әлеуметтік желіде отырған балаларын жазалайын деген ер адам бүкіл қаладағы Интернетті өшіріп алды.
Оқиға Францияның оңтүстігіндегі Мессанж қаласында болған.
БАҚ мәліметінше, ер адам балалары сабақ оқымай, үй жұмысын істемей жатқанына ашуланған. Ол үйіндегі Интернетті өшіру үшін арнайы құрал сатып алған. Алайда ол құрал тек үйіндегі емес, бүкіл қаладағы Интернетті өшіріп тастаған.