CaspianLife, 7 ақпан — Атырау қаласындағы Геолог ықшам ауданындағы «Беймахис» бау-бақша қоғамына кіретін 30 үйдің тұрғындары билік басындағылардан көшеге жол салуды талап етіп, наразылыққа шықты.
Қыс-көктем бойы балшыққа батып, ал жазда шаң жұтамыз деп ашынған тұрғындар 2016 жылдан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырып, жол салуды сұрап келетін көрінеді.
2009 дан бері тұрамын осы көшеде. Мынау қайта икеленгені. Осыған дейін біз өзіміз ақша жинап, жолды икерге келтірдік. Міне, өзіңіз көріп отырғандай, жер балшық. Балалардың мектепке баруы өте қиын. Скорый жәрдеп көлігі де келе алмайды. Қазір көлік басқаша ғой, келуі мүмкін емес. Біздер анандай жерден галош беріп, галошпен әкеліп, солай кіргізіп жүрміз. Үлкен-кішілі балалар бар ауырып қалатын. Жағдай өте қиын, — дейді Атырау қаласының тұрғыны Жаңылдық Мұхамбетьяева.
Тұрғындардың сөзінше, осыдан 9 жыл бұрын «Беймахис» бау-бақша қоғамының құрамындағы 5 көшенің төртеуіне асфальт төселіпті. Алайда белгісіз себептермен 600 метр жерге жол салынбай қалған. Былтыр қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөліміндегілер «келесі жылы жол болады» деп қуантыпты. Бірақ биыл сөздері мен істері алшақ түсіп, халық ендігі жерде кімге сенерін білмей дал болуда.
Былтыр осы жол бойынша мына ЖКХ-дағы бір маман, Алмас Сәрсенов дейтін, сол комментарий берді, что келесі жылға бюджетке ақша бөлінеді, тендер ойнатылады деп. Жақында барғанда сол кісіге, ол екінші кварталда орындалады деп уәде берді. Енді қазір басқа, сол кісінің замы келіп вообще ондай не жоқ, тендер ойнатылған жоқ, жоспарда жоқ дейді. Сонда кімге сенеміз? Түсінбеймін мен, — дейді Беймахис бау-бақшасының тұрғыны Нұрбол Дүзбаев.
Әкімдік өкілдері болса, «бұл жер әуел баста тұрғын үй салуға емес, егін егуге берілген, ал жол салынған төрт көшенің мемлекеттік сараптамадан қалай өткенін білмеймін» деп ат тонын ала қашты. Кейін ашуға мінген халықты сабырға шақырып, жағдайды басшылыққа жеткіземін, мәселені шешуге тырысамыз деген уәдемен құтылды.
Ең алдымен бұл жердің жер телімі бау-бақша қоғамдастығына берілген. Яғни егін егуге, ағаш отырғызуға. Бұл тұрғындардың ГОС актісі бау-бақша егуге нестелген, тұрғын үй салуға емес. Қазір Атырау қаласы бойынша жолдар салынайын деп жатыр ғой. Сол жоба шеңберінде осы тұрғындардың жан айқайын жеткіземін басшы құрамға.Осы жолға асфальт салуға біздер тырысамыз. Проектке кіріп тұр. Просто осы жылы салып беруге стараться етеміз, — деді Атырау қалалық ТҮКШ бөлімінің өндірістік-техникалық секторының бас маманы Ержан Хайноллаев.
Тұрғындар болса, жыл сайынғы құрғақ уәдеге тойғандарын айтып, екінші тоқсанда жол салынбайтын болса – президентке хат жазамыз деп тарқасты.