CaspianLife, 24 қаңтар — Кеше түнгі сағат 01:00 шамасында Атырау облыстық Полиция департаментіне Вокзал маңы ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 3-қабатында қылтимадан белгісіз баланың секірейін деп тұрғаны хабарланды.
Оқиға орнына жеткен полицейлер пәтердің сыртынан кілттеулі тұрғанын анықтаған. Олар жоғары қарай өрмелеп, үшінші қабатта тұрған 4 жастағы баланы құтқарып алып үйіне кірген. Пәтер ішінде бүлдіршіннен басқа адам жоқ болып шықты.
Түнгі уақытта үйде жалғыз қалған баланың ата-анасы құрбысына оны уақытша қарай тұруға тастағанын айтқан. Ал, құрбысы болса баланы үйге құлыптап, кілтті подьезд ішіне жасырып кеткен. Ата-анасы көпке дейін үйге жете алмауын такси қызметін ұзақ күткенімен түсіндірді.