CaspianLife, 12 қаңтар — Нақтырақ айтқанда, 10 қаңтар күні облыс орталығына жоспардан тыс келген «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексеру барысында 3 азаматтан Алматы қаласындағы «Монами» дүкенінің тауарлары табылды.
Ұсталған азаматтар тәркіленген заттарды 5 қаңтар күні Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлағандарын мойындаған.
Тексеру барысында Ақтау қаласының 3 тұрғынынан ұрланған заттар анықталды. Яғни, 30 дана әтірсу, 55 дана косметикалық бұйымдар. Аталған іс-шара теміржолдың күзет фирмасы мен ұлттық ұлан әскери бөлімінің қызметкерлерімен жүзеге асырылды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 191 бабының 3 бөлімі 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, — деді Атырау станциясы ЖПБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мейірбек Өтеғали.