CaspianLife, 11 қаңтар — Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде Атырауда мешіт қызметкері мылтықпен митингте жүр деген ақпарат тарады.
Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешіті аталмыш ақпаратты жоққа шығарды.
Әлеуметтік желіде мешіт қызметкері делінген адам облыстың бірде-бір мешітінде жұмыс істемейді. Жалған ақпаратқа сенбеуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймын,- дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.