CaspianLife, 22 желтоқсан — Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында тиым салынған синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан күдіктіні ұстады.
Тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде синтетикалық есірткі заты анықталып, сараптама қорытындысына сәйкес есірткінің жалпы салмағы 67 грамм болатын «Амфетамин» синтетикалық-есірткі заты екендігі анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды-деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3 бөлімі 3 тармағы және 5 тармағы бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.