CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғыны 1995 жылдан бері облыс аумағында ешқандай құжатсыз жүрген. 53 жастағы ер адам күәлігін жоғалтып, бұдан кейін оны қайта жасатуға тырыспаған.
Мен Тарасов Эдуард Александрович Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғынымын. Осыдан 26 жыл бұрын күәлігімді жоғалттым. Қазіргі уақытта Жылыой ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен күәлігімді алдым. Сол үшін полицейлерге алғысымды айтамын,- дейді тұрғын.
Биыл Атырау облысы бойынша тұлғалардың құқықтық мәртебесі жөніндегі Қазақстан Республикасының аумағында жеке басты куәландыратын құжаттарсыз жүрген 169 азамат анықталып, оның ішінде, КСРО паспортымен жүрген 50 адам, басқа құжаттармен-51, азаматтығы жоқ деп танылған адамдардың саны-67, ҚР-ның Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ деп таныған 1 адам анықталып, қазіргі таңда 148 тұлғаға құжаттандыру жұмыстары жүргізілді.