CaspianLife, 3 желтоқсан – Балықшылар Құрманғазы ауданындағы Шарон өзенінен ескі етікті тауып алған. Етіктен жыланға ұқсас балық шыққан.
«Бұрын мұндай балықты кездестірген жоқ едік. Денесінде өзге балықтарға тән қабыршақ жоқ. Бірақ, шырышты болады екен. Бір қарағанда, жыланға ұқсайтын тәрізді. Сол себептен, бастапқыда мұны жылан деп ойладық. Бірақ, кейіннен жойылып бара жатқан балықтың түрі екенін білдік. Мұндай балық «Қызыл кітапқа» енгізілген. Ғаламтордағы ақпаратқа қарағанда, балықтың бұл түрі Ресей мен Финляндияның, Латвия мен Швецияның, Эстонияның су айдындарында кездеседі» — дейді тәжірибелі балықшы Дмитрий Соколинский.
Оның айтуынша, жыланға ұқсайтын балықтың ұзындығы 10-100 см аралығында болуы мүмкін. Адамға ешқандай қауіп төндірмейді.