CaspianLife,11 қараша – Ер адам алты баласын асырау үшін 12-шағын аудандағы он қабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған.
Тауық қора салу идеясы Русланға бір айдан аса уақыт бұрын келген. Оның себебін «Азық-түліктің қымбаттауы» деп түсіндірді өзі. Шатырдың кілтін ПИК-тен алған. Ол тек құстармен шектелмей, қоян да асыраған. Көршілер жағымсыз иіс пен құстардың даусына шағымданған соң, 10 қараша күні полиция келген.
Көршілерім көмектесіп, жеп әкеліп беріп жүрді. Мына жер қоқысқа толы болатын. Мен тазарттым, бөлмені жылытым. Отбасым үлкен болғасын осындай әрекетке бардым. Енді бәрін шаруашылығы бар адамдарға беріп жіберетін шығармын дейді Руслан.
Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы («Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу») және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы («Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ, қала мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру») бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 65 мың теңгеден аса айыппұл салды.