CaspianLife, 8 қараша – 3 қараша күні балық аулауға шыққан 4 балықшы аман-есен табылды.
Ағымдағы жылдың 7 қараша күні 09 сағат 30 минутта өздерінің аман-есен екендіктерін айтып (Жанбай ауылыныан 50 шақырым қашықтықта жүрген) басшыларына ұялы телефон арқылы хабарласқан.
Осыған орай, Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Балық аулауға шыққан кезде ең бірінші қайығыңыздың жағдайын тексеріңіз;
— құтқару кеудешесін алуды ұмытпаңыз;
— қайығыңызды шамадан тыс жүкпен толтырмаңыз;
— қайығыңыз абайсызда аударылған жағдайда қайықты ұстап тұрып, қайраңға жүзуге тырысыңыз;
— төтенше жағдай орын алса «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.