CaspianLife, 2 қараша – Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғау ауылының кішкентай тұрғыны Мәриям Ишанғалиева Сочиде өткен «Әлем моделі-2021» халықаралық байқауының Гран-При иегері атанды.
Мәриям анасының сөзінше, байқауға әлемнің 25 елінен келген бүлдіршіндер қатысқан. Тартыс таныстыру, дефиле және шығармашылық сында 3 турдан тұрған.
Дефиле кезеңінде Мәриям сахнаға «Адай» күйінің сүйемелдеуімен қазақтың ұлттық киімімен шықты. Әділ қазылар алқасы қазақ қызының өнерін басқалардан озық деп тапқан.
Мәриям Ишанғалиева 3-ші сынып оқушысы. Сұлулық байқауларына бұрыннан қатысады, ондаған атақтары да бар. Бүлдіршін болашақта Оңтүстік Корея елінде білім алуды армандайды.