CaspianLife, 28 қазан – Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірде бастау алған «Ұлық ұлыс — Алтын Орда» ғылыми-практикалық конференциясының ашылу салтанатында хабарлады.
Жоспарға сәйкес кешен аумағында 20 нысан салынады. Әр саланың мамандары жұмысқа тартылады. Жайық өзені арқылы өтетін жылжымалы және қалқымалы көпірді ерекше атап өткім келеді. Ибн Баттуттың жазбаларында Сарайшық қалашығы аумағындағы «Орда базар» туралы аңыз келтірілген. Сондықтан бұл қасиетті мекенді сауда орталығы ретінде дамыту маңызды. Бүгінгі таңда Сарайшықтың мұражай қорында 4600 экспонат сақтаулы, көрермен назарына тек 400-і қойылған. Сол себепті «Алтын Орда» деп аталатын жаңа мұражай құрылысын бастаудың негізі бар, — деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Сондай-ақ аймақ басшысы Сарайшықтың өз заманында қолөнердің орталығы болғандығын, бұл саланы да дамытудың маңызы зор екенін атап өтті.