CaspianLife, 28 қазан – Атырауда түнгі уақытта құрылыс нысанында құрылысшыларды тонап кеткен төрт күдікті ұсталды.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 600 мың теңгеден астам.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 10 қазан күні сағат 03:30 шамасында белгісіз біреулер Нұрсая ықшамауданында салынып жатқан үйлердің бірінің екінші қабатында ұйықтап жатқан құрылысшылардың ақшасы мен заттарын ұрлап кеткен. Нұрсая шағын ауданында. Ол кезде келтірілген шығын 414 мың теңге болған.
Сол түні белгісіз біреулер Атырау ықшам ауданындағы құрылыс алаңына кіріп, жалпы сомасы 240 мың теңге тұратын бірнеше құнды заттар мен ұялы телефондарды ұрлап кеткен.
«Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында төрт күдіктіні – 26-31 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындарын ұстады. Олар өз кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — дейді полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.