CaspianLife, 15 қыркүйек — Бразилия футболының аңызы Пеле операциядан кейін оған қолдау білдіріп, уайымдаған жанкүйерлеріне алғысын білдірді.
Бразилия футболының жұлдызы, Пеле деген атпен танымал Эдсон Арантис ду Насимент сейсенбі күні Сан-Паулудағы реанимация бөлімінен шықты. Оған тоқ ішек ісігін алып тастау операциясы жасалған.
Пеле ауруханада 31 тамыздан бастап болды. Оның отбасы мен дәрігерлері футболшы өзін операциядан кейін жақсы сезінетінін айтты.
«Науқас Эдсон Арантис ду Насиментудің жағдайы жақсы және реанимация бөлімінен шықты. Ол палатада одан әрі қалыпқа келуді жалғастырады», — деді Альберт Эйнштейн ауруханасының дәрігерлері.
80 жастағы футболшының өзі Instagram парақшасында реанимация бөлімінен шыққаннан кейін 90 минут және қосымша уақыт футбол ойнауға дайын екенін жазды.
«Менің достарым, бұл әрқайсыңызға арналған хабарлама. Мен ауруханада жатып алған мыңдаған махаббат хатын оқыған жоқ деп ойламаңыз. Күніңіздің бір минутын маған жағымды қуат жіберуге арнаған әрқайсыңызға үлкен рахмет. Жақында біз бірге боламыз!»- деп толықтырды ол өз жазбасын.
Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) Бразилия құрамасында жүріп үш рет әлем чемпионатын жеңіп алды. Ол Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша жүз жылдықтың ойыншысы атанды.