CaspianLife, 13 қыркүйек — Солтүстік Кореяның газет-журналдарында алыс қашықтыққа арналған қанатты зымыранның ұшырылғаны туралы жаңалық фотосуретімен жарияланды. Өткен аптаның соңында болған оқиға бірнеше елдің зәресін алғанға ұқсайды.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея теріскейдегі көршілерінен ешқандай ескерту алмағанын айтуда. Сондай-ақ, олар АҚШ-пен бірге жағдайды саралауға кірісті.
Жалпы, Солтүстік Кореяға баллистикалық зымырандарды ұшыруға тыйым салынғанмен, қаупі аз саналатын қанатты түрлері Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясына іліне қоймады.
Ал Жапония билігі сынақтан өткен ракета туралы алдын ала хабардар болғанын айта келе, мұндай қарулардың аймақтағы және әлемдегі тұрақтылыққа кесір болу мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Солтүстік Корея зымыранның су және құрлық арқылы діттеген жерге дәл тигенін айтып, жаһанға жар салуда. Нысананың арақашықтығы мың жарым шақырымға жетеді.
Сынақ 9 қыркүйекте өткен КХДР-ның ұлттық мейрамы мемлекеттік білімнің қалыптасу күнінен кейін ұйымдастырылған. Мерекеге орай әскерилер шеруге шықты.