CaspianLife, 8 қыркүйек — 7 қыркүйекте Astana LRT көлік жобасына қатысты жемқорлық ісі бойынша апелляциялық сот отырысында адвокаттар бұрынғы премьер – министрлер Серік Ахметов пен Иманғали Тасмағамбетовті, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевты, президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Қазақстанның Нидерландыдағы төтенше және өкілетті елшісі Асқар Жұмағалиев, Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев, президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбеков және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы Болат Жәмішевты жауап алуға шақыруды сұрады.
Рашид Аманжоловтың адвокаты Сәуле Ахатова LRT жобасын іске қосу туралы шешім қабылдаған жоғары лауазымды тұлғаларды куәгер ретінде шақыруға өтініш білдірді. Ал прокурор болса бұл адамдардан жауап алудың қажеті жоқ деп санайды, өйткені жеткілікті дәлелдер жиналған көрінеді.
Ахатованың өтінішін басқа адвокат Жанат Әбдірахманов қолдады. Адвокат Нұрлан Оразалин де тыс қалмады. Оның айтуынша, шешімді республикалық бюджет комиссиясы қабылдау керек.
Astana LRT ісі бойынша апелляциялық сатыдағы сот алқасының бірінші отырысы 24 тамызда өтті. Сотталғандардың өздері отырысқа жіберілмеді, ал мекемелерде оларға іс материалдарымен танысуға рұқсат етілмеген. Олардың айтуынша, заттай дәлелдемелері бар 40-қа жуық қорап жоғалып кеткен. Содан кейін қорғаушы істі бірінші сатыдағы сотқа қайтаруды сұрады.
Еске салсақ, 28 мамырда Astana LRT көлік жобасын дайындау кезінде болған ұрлық ісі бойынша жеті сотталушы 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, көмектескені, орындалған жұмыстардың сомасын көтергені және қаражат бергені үшін айыпталды.