CaspianLife, 2 қыркүйек — Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асырудың негізгі тетіктерін ұсынды. Олардың қатарында «Отбасы банкінің» ипотека бойынша бастапқы жарнаны тұрғын үй құнының 10% — на дейін төмендетуді қамтитын бірыңғай тұрғын үй саясатын құру жөніндегі шаралар кешені бар, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме отбасының табысына байланысты жылына екі пайыз және бес пайыз болады. Жинақтардың бір бөлігін тұрғын үй сатып алу үшін жеткіліктілік шегінен жоғары аударуға болады. Құрылыс салушыларды қолдау үшін жобалық қаржыландыру енгізілмек.
«Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану қағидаларына жинақтардың бір бөлігін жеткіліктілік шегінен тыс кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банкінің» шотына аударуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілетін болады. Құрылыс салушыларды қолдау мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік және үлестік құрылыс әлеуетін белсенді пайдалана отырып, жобалық қаржыландыру тетігі енгізілетін болады», – деді Атамқұлов.