CaspianLife, 31 тамыз — Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан командасының қоржынында 12 медаль бар.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі хабарлағандай он екі медальдың сегізі алтын. Сондай-ақ, біздің боксшылардың қоржынында екі күміс және екі қола жүлде бар.
Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келіге дейін), Әбдіғали Әбдікерім (57 келіге дейін), Ерасыл Ермек (60 келіге дейін), Ернұр Сүйінбай (63,5 келіге дейін), Абзал Серік (67 келіге дейін), Бақберген Әлиасқаров (75 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (86 келіге дейін) алтын тақса. Күміс медальға Мәди Әміров (92 келіге дейін) және Даниял Сапарбай (92 келіден астам) ие болды. Ал, Арман Алматұлы (71 келіге дейін) мен Дәурен Мамыр (82 келіге дейін) қола алды.