CaspianLife, 23 тамыз — Street Workout — бұл тұрғын үйлер мен оқу орындарының аулаларында, жағалауда және саябақтарда орнатылатын көше тренажерлері. Бүгінде тек Атырау қаласы бойынша дәл сондай жиырмаға жуық алаң бар.
Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Аманжол Сағынғалиев айтты. Оның айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама қабылданды және осы аралықта бұқаралық спорт түрімен айналысу үшін ең қолжетімді 25 Street Workout көше спорт алаңдары салынбақ. Мұндай көше тренажерлері әр түрлі жастағы спорт әуесқойлары арасында үлкен танымалдыққа ие.
Балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына келетін болсақ, брифингте Атырау облысында 2021 жылға 2 млрд.300 млн. теңге бөлінген он жеті балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) жұмыс істейтіндігі айтылды. Бұл қаражат мектептің шығысына, ұжымдардың жалақысына, жарыстарға қатысу сапарларына және т. б. арналған. БЖСМ-ге жалпы шамамен 14 мың бала барса, қалғандары түрлі спорт клубтарына жазылған көрінеді.