CaspianLife, 17 тамыз — Атырау мектептеріне 1-сыныпқа қабылдау тамыз айының 20-на дейін ұзартылды. Бұл туралы брифинг барысында Атырау қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Аманбай Хусынов мәлімдеді.
«62 қалалық мектеп жаңа оқу жылына дайындалуда. Қалалық №7 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Атыраудың барлық мектебі қысқа дайын. 1 тамыздағы жағдай бойынша бірінші сыныпқа 8174 оқушы қабылданды. Олардың 5834 – і қазақ тілінде оқытатын сыныптарға, 2340-ы орыс тілді сыныптарға бөлінді. Бірінші сыныпқа қажетті құжаттар 20 тамызға дейін қабылданады», — деді Аманбай Шапхатұлы.
Сонымен қатар, қала мектептеріне қорғаныс құралдарын сатып алуға 67 миллион 980 мың теңге бөлінген. 9320 компьютер пайдалануға дайын. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек алдағы уақытта да көрсетілетін болады.
«Орыс тілді сыныптарда мамандар әлі де жетіспейді. Биыл қалаға мектептерге мұқтаж 19 жас мұғалім келді. Айтпақшы, жұмыс іздеп жүрген мамандар Enbek.kz сайтына кіріп мұғалім жетіспейтін ұйымдарға түйіндеме жібере алады», — деп қорытындылады білім бөлімі бастығының орынбасары.