CaspianLife, 13 тамыз — Ақтауда мұғалімдерді жұмысқа орналастырудың жаңа әдісі енгізілуде. Оның айтуынша, педагогтарды жұмысқа директор мен білім бөлімінің қызметкерлері емес, белсенділерден құралған арнайы комиссия қабылдайды. Жұмыс іздеуші олармен сұхбаттасудан өтуі керек. Жаңа әдіс қала мектептерінің бірінде қолданыла бастаған.
Жаңа мектепке мұғалімдерді іріктеу бірнеше күн бұрын басталды. Арнайы комиссияның құрамына қоғам қайраткерлері, «Адалдық алаңы» өкілдері және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері кіреді.
Кадрлық іріктеу бүгін аяқталады. Оның қорытындысы бойынша жаңа мектепте 150 мұғалім жұмысқа кіріседі. Егер жұмысқа орналасудың бұл әдісі тиімді болса, онда ол бүкіл қала бойынша енгізілуі әбден мүмкін.