CaspianLife, 13 шілде — Биыл Құрбан шалу рәсімін екі ереже бойынша өткізуге рұқсат етілді. Бұл туралы ҚМДБ хабарлады.
Бірінші жолы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті рұқсат еткен жергілікті қасапханалардан дәстүрлі түрде құрбан шалу болса, екінші жолы пандемия жағдайына байланысты qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимде өткізу. Ал жер үйдің тұрғындарына өз ауласынан құрбандық шалуға ҚМДБ тарапынан шектеу қойылған жоқ.
Республика бойынша мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін аталған сайт арқылы айт намазынан кейін өтініш бере алады. Ондағы өтініштерді қабылдау, сараптау және жеткізіп беру жұмыстарымен ҚМДБ-ның жергілікті өкілдіктері айналысады.
Айтпақшы, биыл құрбан айт мерекесінің бірінші күні 20 шілдеге белгіленген.