CaspianLife, 12 шілде — АҚШ-тың Юта штатындағы жабайы табиғатты қорғау органдары ұшақтан лақтыру арқылы көлдерді балыққа толтыруда. Бұлайша мамандар аймақтың шалғай тау көлдеріндегі балық санын көбейтуге тырысуда. Бір апта ішінде сарапшылар 200-ге жуық тау көліне балық жіберген. Ұшақты пайдалану себебі, шалғай жерлерге автокөлікпен жету мүмкін емес көрінеді.
Ұшақ жүздеген литр суды қамти алады және бір рейсте 35 мың балық тасымалдауға мүмкіндігі бар. Олар кез-келген балықты көлге тастамайды, өлім қаупін азайту үшін белгілі бір мөлшерде ғана жібереді. Сонымен, көлдерге 2,5-тен 7,5 сантиметрге дейінгі балықтар тасталады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай мөлшердегі балықтар суға жапырақтар сияқты түседі. Егер олар үлкен болса, онда өмір сүру деңгейі онша жоғары болмас еді.
Айта кету керек, бұл штат туристік бизнестен айтарлықтай кіріс алады. Биліктің ойынша, балық аулауға жағдай жасалмаса, қатарында балықшысы көп туристер қатары азайып кетеді, дейді.