CaspianLife, 30 маусым — Қазақстан тапқан табысын тек тамаққа қана жеткізетін кедей елдер қатарына енді. Оған соңғы айлардағы тамақ пен жанармай бағасының күрт өсуі әсер еткен болуы мүмкін.
Халықаралық қаржы институттарының есебі бойынша айлығының 10-20 пайызын ғана тамаққа жұмсайтын елдер «дамыған елдер» категориясына кіреді. Ал, Қазақстан бұл тізімге енбейді.
2021 жылдың алғашы жарты жылдығының көрсеткіші бойынша, орта есеппен әрбір қазақстандық ай сайын 95 мың теңгеден астам соманы азық-түлікке жұмсайды. Бұл өткен жылғы дәл осы уақыттағы көрсеткішпен салыстырғанда 4,6 пайызға артқан.
Аймақтық рейтинг бойынша ай сайын тамаққа көп қаржы жұмсаудан Алматы көш бастап тұр. Орта есеппен әр алматылық азық-түлікке 127 мыңдай ақша жұмсайды. Бұдан бөлек Павлодар облысының тұрғындары 117 мың теңге, яғни, бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 18 пайызға артық және ШҚО халқы 116 мың теңге, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,3 пайыз көп. Пайыздық көрсеткіштің артуын тамақ бағасының қымбаттауы және айлықтың өспеуімен байланыстыруға болады.
Ал тапқан табысының ең аз бөлігін тамаққа жұмсайтын аймақ — Шымкент болып шықты. Олар әр айда 72 мың теңгеге азық-түлік алады. Бірақ бұл да өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық.
Азық-түлікке ай сайын жұмсайтын қаржы көрсеткіші артпаған тек үш аймақ бар. Олар Алматы қаласы, Солтүсткі Қазақстан облысы және Ақмола облысы.