CaspianLife, 25 маусым — Ұлттық банк жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын 2019 жылдың 31 мамырында іске қосты. Шарттарда екінші деңгейдегі банктердің отандық өндірістің жеңіл автокөліктерін сатып алатын жеке тұлғаларға 4 пайыздық номиналды мөлшерлемемен кредит беру көзделген.
Бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық Банк 2019-2020 жылдары 40 миллиард теңге, яғни жыл сайын 20 миллиард теңгеден бөлген.
2021 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша Ұлттық банктің қаражаты есебінен барлығы 48,8 миллиард теңгеге 8 546 кредит берілді, оның ішінде 8,8 миллиард теңге бұрын берілген автокредиттерді (револьверлік тетік) өтеуден түскен қаражат есебінен сатылған.
«Сонымен қатар, Ұлттық Банк Басқармасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 56 шешімімен ҚҰБ басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 79 «отандық өндірістің жеңіл автокөлігін сатып алушыларға кредит беру бағдарламасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды», — делінген Ұлттық банк хабарламасында.