CaspianLife, 21 маусым — Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «СК-Фармация» экс-басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша куәлік берді. Ол Берік Шәріп Қазақстанға жеке қорғаныс құралдарын жеткізуді жеделдету үшін барлық жағдайды жасағанын және жеткізу мерзімін қасақана бұзбағанын хабарлады.
Біртанов пандемияға дейін Қазақстанда жеке қорғаныс құралдары жоспарлы түрде жүргізілгенін атап өтті. Жеткізу отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде жүзеге асырылды және ол күнделікті сұранысты қанағаттандырып отырған.
«ЖҚҚ көлемі жеткіліксіз болатыны түсінікті болды. Ақпан айындағы мәселе медициналық маска еді. Біздің зауыт бар мүмкіндікті пайдаланды, бірақ күштері жетпеді. Оған зауыттардың жеткіліксіз қуаты және Қытайдан материал экспортының тоқтатылуы себеп болды», – деді экс-министр.
Отандық өндірушілер «СК-Фармациямен» қосымша көлемге келісімшарттар жасасудан бас тартқан. Олар шикізат бағасының көтерілгенін алға тартты. Елжан Біржанов Ресей мен Қытайдың негізгі мата жеткізушілері экспортты жауыптастағандықтан, дайын өнімді сатып алу мәселесі туындағанын атап өтті.
Ол өткен жылдың сәуір айында «СК-Фармация» 2 миллион костюмге келісімшарт жасағандығын, алайда Қытайда логистика бойынша сұрақтар туындағанын айтты. Біртановтың айтуынша, 30 наурызда Қытай барлық экспорттаушыларға ішкі сапа сертификатын алуды міндеттеген, соның салдарынан кідіріс орын алып, ұшақ жүксіз ұшып кеткен.
«Мен» СК-Фармация» басшылығы Берік Шәріптің ешқандай кедергі жасамағанына сенімдімін. Әсіресе қасақана. Бұл форс-мажор болды, ҚХР-мен үзіліс болды. Қытай тарапы қазақстандық компаниямен келісімшарт талаптарын бұзды, тиісінше қазақстандық компания «СК-Фармацияға» жеткізу мерзімдерін бұзды. Бұл азаматтық-құқықтық қатынастар. Мұндай жайттар болып тұрады. «СК-Фармация» келісімшартын жасасып, Қазақстанға осы жеткізілімді жылдамдату үшін қажеттінің бәрін жасады. Бірақ, өкінішке орай, объективті жағдайға сәйкес, дәл Қытай жағында Гуанджоуда кедендік рәсімдеудің бұзылуы орын алды, осыған байланысты жеткізу операциясы үзілді. Егер басқа келісімшарттарды қарайтын болсақ, Берік Шәріпұлы тәуекелге бел буып, белгіленген регламент бойынша жергілікті тауар өндірушілер үшін 60 күн және шетелдік тауар өндірушілер үшін 90 күн мерзім бойынша әрекет ете алар еді. Бізде осындай келісімшарттар болды, бірақ сол кезде бұл қолайсыз еді, біз асығыс болдық, барлық елшілер бүкіл әлем бойынша маталар мен маскалар іздеді. Оны тауып, байланысқа шығу Берік Шәріпұлының кінәсі емес деп есептеймін, керісінше, ол ЖҚҚ жеткізуді жеделдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады», – деп мәлімдеді Елжан Біртанов.
Сондай-ақ, Біртанов Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында коронавирустық инфекцияның өршуін түсіндірді. Ол мұның себебі ЖҚҚ жетіспеушілігі емес, медициналық көмекті ұйымдастыру процесінің бұзылуы екенін атап өтті.
«Шәріп ЖҚҚ сатып алу кезіндеДенсаулық сақтау министрінің басшылығына пайда әкелу және жағу үшін «Inkar» ЖШС-ге артықшылық берді» деген айыптау актісін Біртанов негізсіз қорытынды деп атады. Оның айтуынша, егер атқарушылық тәртіпті басшылыққа ұнау үшін жасалған әрекет ретінде қарастыратын болсақ, онда кез келген мемлекеттік қызметшіні солай кінәлауға болады дейді.
«Маған ұнау туралы айтатын болсақ, маған ұнаудың қажеті жоқ. Мен тікелей бастық болғандықтан, біздің қарым-қатынасымыз нақты реттелген. Мен тапсырмалар беремін, оларды орындау керек. Мұның несі қылмыс екенін түсінбедім», — деді Елжан Біртанов.
23 маусымда сағат 10:00-де бұрынғы Денсаулық сақтау министрінен жауап алу жалғасады.