CaspianLife, 17 маусым — 11-16 маусым аралығында Қырымның Керч қаласында өткен «Боспорские агоны» атты 23-ші Халықаралық фестивальда Атыраудағы Махамбет өнер ордасының Жастар театры бас жүлдені жеңіп алды.
Ұжым фестивальде жергілікті халыққа таныс «Клеопатра» қойылымын көрсетті. Басты рөлді сомдаған Ғани Кукатова «Ең үздік әйел рөлі» атағын жеңіп алды.
«Боспорские агоны» халықаралық антикалық өнер фестивалінің қазылар алқасын Ресейдің Халық әртісі, Мәскеу Үкіметі сыйлығының лауреаты, сатира Мәскеу академиялық театрының актері және режиссері Юрий Борисович Васильев басқарды.