CaspianLife, 16 маусым — Оралда түзеу мекемелерінің бірінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметші оққа ұшты. Жігіт алған оқ жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
«Қатардағы жауынгер қарауылда қарумен жүріп, өзін-өзі жарақаттады. Жедел-жәрдем бригадасымен ауруханаға жіберілді. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта гарнизонның тергеу органдары тергеуге дейінгі іс-шараларды жүргізуде. Тергеу аясында басқа ақпарат жоқ», — деді 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов.
Оқиға таңертең болғаны белгілі. Солдат облыстық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.