CaspianLife, 8 маусым — Мәскеудегі сот Дағыстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі Мухтар Меджидовтың ұлын Қазақстаннан келген студент Томирис Байсафаның өліміне қатысы бар деген кінәдан ақтады.
«Меджидов алқабилердің ақтау үкімін шығаруға байланысты ақталды», — деді сот.
Марқұмның туыстары сотталушыдан 30 миллион рубль көлемінде өтемақы өндіріп алуға тырысқаны, бірақ сот олардың азаматтық талаптарын қанағаттандырмағаны атап өтілді.
Еске салсақ, 2018 жылдың сәуір айында Қазақстаннан келген 21 жастағы студент Томирис Байсафа ЖОО ғимаратының төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті. Қыз Склифосовский атындағы ҒЗИ ауруханасына жеткізілген. Бірақ көп ұзамай ол көз жұмады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сол кезде Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров ресейлік әріптесі Татьяна Москальковадан істі жеке бақылауға алып, «объективті тергеуді қамтамасыз етуді» сұрағанын хабарлады.
Томиристің жақындары, оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес, бұл қастандықпен жасалған іс екеніне сенімді. Кейбір дерек көздеріне сенсек, Муртузали Меджидов пен Томирис Байсафа кездесіп жүрген.