CaspianLife, 8 маусым — Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) емтихан кезінде балалардың көзін күйік шалу оқиғасына қатысты түсініктеме берді.
«Оқиға Халықаралық Бакалавриат мектебінде болды. Емтихан өткен жерде шам қосулы қалыпты. Қазір қызметтік тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады НЗМ баспасөз қызметі.
Автономды білім беру ұйымының сайтында жарияланған ақпарат бойынша, оқиға 7 маусымда болған.
«Кінәлілердің бәрі жазаланады. 2021 жылдың 8 маусымында балалар медициналық тексеру үшін емтиханнан босатылды. Емдеуге және оңалтуға байланысты барлық шығыстарды дербес ұйым өтейтін болады. Барлық Зияткерлік мектепте Бактерияға қарсы шамдарды пайдалану бойынша қосымша нұсқаулықтар өткізіледі», — деп толықтырды білім беру ұйымы.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Нұр-сұлтан мектептерінің бірінде емтихан тапсыру кезінде балалар кварц шамының қосулы қалуының кесірінен көзден күйік алған. Үш бала — 2004 жылы туған, біреуі — 2005 жылғы. Бәрінде жеңіл дәрежелі электроофтальмия (көз алмасының зақымдануы) анықталды. Мамандардың қарауынан кейін төртеуі де үйлеріне жіберілді.