CaspianLife, 3 маусым — Қоғамдық орындарға бару үшін қазақстандықтар енді Ashyq сервисін тікелей Kaspi.kz қосымшасында пайдалана алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин онлайн-брифинг барысында хабарлады.
«Бүгін Ashyq сервисі Kaspi.kz. клиенттеріне де қол жетімді. Біз ел халқы алдындағы жауапкершілігімізді түсінеміз және бизнесті қорғауға, сондай-ақ қазақстандықтар арасында вирустың таралуына жол бермеуге бар күшімізді саламыз», — деді министр.
Дәл қазіргі сәтте сервисті екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді. Қосымшада Ashyq қызметін пайдалану үшін Kaspi QR бөліміне кіріп, мекемеге кіре берісте орнатылған QR-кодты сканерлеу қажет. Содан кейін экранда пайдаланушы мәртебесі пайда болады:
- Бейтарап-ПТР сынағы қажет жерлерден басқа шектеулер жоқ;
- Байланыс-объектілерге баруға ішінара шектеу;
- Жұқтырған-қоғамдық орындарға баруға рұқсат етілмейді. ПТР-тест оң;
- Қауіпсіз, шектеулер жоқ, ПТР тесті теріс.
Егер кіруге рұқсат берілсе, объектінің жұмысшысына уақытша рұқсат қағазын көрсетіп, 5 минут ішінде кіру керек.