CaspianLife, 2 маусым — Енді қазақстандық жұмыс берушілер қызметкерлеріне артық жұмыс істете алмайды. Себебі, депутаттар оларға мұндай әрекеті үшін айыппұл салатын жаңа заң жобасын қабылдады.
⠀
«Жұмыс берушілерді қызметкердің жұмыс уақытын заңсыз ұзартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделіп отыр», — деді мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова.
⠀
Айта кетейік, Қазақстанда заң бойынша жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттаң аспауы тиіс.