CaspianLife, 1 маусым — 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мамандандырылған балалар үйіндегі кішкентайларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар берді. Сонымен қатар жаңадан тәй-тәй басып жүрген сәбилердің тұсауын кесті.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мамандандырылға балалар үйінде қазір түрлі сырқатқа шалдыққан 4 жасқа дейінгі 23 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Оларға әлеуметтік мекеменің 50 қызметкері қамқорлық көрсетіп, балалардың жан-жақты дамуына барынша үлес қосуда.
Балалар үйінің жанынан 2017 жылы ашылған оңалту орталығы да жұмыс істеп тұр. Бұл жерден 26 бала тегін медициналық көмек алады. Бүгінгі мерекелік іс-шарадан олар да қалыс қалған жоқ.
Мекеменің бас дәрігері Раиса Баймұханованың айтуынша, жыл басынан бері 2 бала патронаттық тәрбиеге берілсе, бір бүлдіршін 4 жасқа толғандықтан «Шаңырақ» балалар үйіне аусытырылған. Ал 5 бала өз жанұясына оралыпты.
Ақпарат көзі: Caspian Life