СaspianLife, 31 мамыр — Өзбекстан ТЖМ құтқарушылары Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді іздеу жұмысына қосылды.
«Олар Өзбекстан жағынан Өгем өзенінің бойымен Чарвак су қоймасына құятын жерге дейінгі шекаралық аумақты тексеріп жатыр», — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен екі студентті іздеу жұмыстары жалғасуда. Таулы рельефтер мен өзендердің қатты ағысынан қиындықтар туындаған көрінеді. Десе де құтқарушылар бар күштерін салуда.
«Бүгінгі күнге дейін іздеу жұмыстары ұзындығы 350 шақырымнан асатын тау шатқалдарында жүргізілді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, шамамен 170 шақырым аумақ зерттелді. Ұзындығы екі мың шақырымнан асатын «Қазавиақұтқару» тікұшақтарымен аэровизуалды ұшу жасалды», — деп атап өтті Талғат Уәли.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД, Түркістан облысы ПД, жергілікті атқарушы органдар, ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ Ұлттық гвардиясы, ұлттық парк, альпинизм Федерациясы, ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ-дан 218 адам, 32 бірлік техника, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты мен 2 тікұшақ, сондай-ақ жоғалғандардың туыстары да жұмылдырылды.
Еске салсақ, 21 мамырда туристер Сары-Айғыр шатқалына барып, 24 мамыр күні кері қайту керек болатын. Жоғалғандардың үшеуі 29 мамыр күні табылды. Көп ұзамай құтқарушылар сол аймақтан тағы 2 адамды тапты. Бірақ, өкінішке орай олардың тек денесі ғана жеткізілді.